×

«Ресейден газ келмей қалса, оған толықтай дайын болуымыз керек» – Урсула фон дер Ляйен

Қазіргі таңда Еуропа елдері Ресейдің газы мен мұнайын АҚШ пен Таяу Шығыс елдерінің мұнайы мен газына алмастыруға күш салып жатыр

 Қанат Атаманов 06.07.2022 | 20:00
Фото: inform.kz

Еурокомиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен кәрі құрлық елдеріне Ресейдің Еуропа елдеріне газ экспортын тоқтатқан жағдайда оған дайын болуға шақырды. 

Күні кеше ғана Еуропарламентте сөз сөйлеген Урсула фон дер Ляйен Ресей президенті Валдимир Путин алдағы уақытта қуат көздерін қару ретінде пайдалануы мүмкін екенін айтып, Кремльдің энергетикалық бопсасына көнбеуге шақырды.

Біздер Ресейден газ келмей қалса, оған толықтай дайын болуымыз керек. Владимир Путин газ бен мұнайды бізге қарсы қару ретінде қолдануы мүмкін. Сондықтан Ресейдің мұндай әрекетіне дайын болып, жауап қайтаруға тиіспіз, – деді Урсула фон дер Ляйен.

Өз кезегінде Еурокомиссияның төрайымы Ресейден келтен газ күрт тоқтағанда оған ЕуроОдақ елдері аумағындағы өндіріс ошақтарының дайын болуы үшін арнайы жоба дайындалып жатқанын да алға тартты. Осылайша, кәрі құрлық елдері кез келген төтенше жағдайға дайын болуға барынша әрекеттенуде.

ЕуроОдақ елдері осыған дейін қажетті газдың 40%-ын Ресейден сатып алып келгені белгілі. Қазіргі таңда Еуропа елдері Ресейдің газы мен мұнайын АҚШ пен Таяу Шығыс елдерінің мұнайы мен газына алмастыруға күш салып жатыр.  

Еске салсақ, ЕуроОдақ елдері алдағы уақытта АҚШ пен Катрдан 50 млн текше метр сұйытылған газды сатып алуды және тағы 10 млн текше метр газды құбыр арқылы жеткізуді көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама