×

Атырауда қарақалпақтардың бас көтеріп жатқаны рас па? (ВИДЕО)

Шеруге қатысушылардың бірі полицияға жеткізілгеннен кейін жерлестерін Қазақстандағы рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырған

 Халық үні 04.07.2022 | 05:03

1 шілдеде Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстанды егемендіктен айыру туралы түзетулерге наразылық білдірген 40-қа жуық адам Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңына шықты.

«Azh.kz» мәліметінше, оларды полиция ұстаған, өйткені митинг өткізуге қала билігі рұқсат бермеген.

Атырау облыстық полиция департаменті «әлеуметтік желіде заңсыз шеру ұйымдастырған шетелдік азаматтар туралы ақпарат тексеріліп, расталмағанын» хабарлады. 

Бірақ шеруге қатысушылардың бірі полицияға жеткізілгеннен кейін жерлестерін Қазақстандағы рұқсат етілмеген митингілерге шықпауға шақырған: біріншіден, бұл үшін жауапкершілікке тартылады; екіншіден, бұл мәселені Қазақстанда емес, Қарақалпақстанда, жалпы Өзбекстанда шешу керек деп түсіндірген бейнежазбасы пайда болды.

Біздің қаламызды негізінен осы Өзбекстан автономиясының тұрғындары жинап, тазартатынын бәрі біледі, енді бірілері осында үй салып жатыр. Маңдай терімен тапқан ақшаларын елде қалған отбасыларына жібереді. Бірақ саясаттан ешкім де тыс қалмайды екен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жантүршігерлік жол апаты: 2 адам қаза тауып, 7 адам ауруханаға жеткізілді

Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар
25.09.2022 | 10:15

200-ден астамы қамалды: Маңғыстаудың малдары қараусыз жүр

Жануарларды соққан 3 ірі жол-көлік оқиғасы болып, 6 адам қаза тапқан
25.09.2022 | 09:31

Павлодар қаласының әкімі өзінен 10 мың теңге сұраған студентке жауап берді

Әкім студентке 10 мың теңге беруге уәде етті
25.09.2022 | 08:55

«Бейнекамераға түсірмеуді өтінді»: Атырауға бір топ ресейлік келді

Пойыздан түскендердің ішінде астрахандық қазақтар да бар: 
25.09.2022 | 07:40