×

Депутаттар демалысқа шықты: екінші сессия ресми түрде жабылды

Мәжіліс төрағасы депутаттардың жұмысына баға берді

 Дәурен Ерболат 30.06.2022 | 10:55
фото © Абзал Қалиев

Бүгін Парламентте екінші парламенттік сессияны аяқтаған палаталардың бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттардың жұмысына жоғары баға берді.

«Біз қызметімізде сайлаушылармен байланысқа аса көңіл бөлдік. Бүгінде демократиялық дәстүрлері толысқан мықты азаматтық қоғам құрып жатырмыз. Бұл – біздің стратегиялық бағытымыз. Мемлекет басшысы осы бағытты берік ұстану керегін ерекше атап өтті. Сондықтан депутат пен халық арасында мазмұнды диалог жолға қойылуға тиіс. Осы бағытта депутаттар өңірлерге 8 мәрте барып, 7200-ге жуық кездесу өткізді. Кездесулер барысында көтерілген проблемалық мәселелер мемлекеттік органдар мен көптеген депутаттық сауалға негіз болды», - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, қоғамда толғандырып жүрген сұрақтарға толыққанды жауап алу мақсатында Парламент қабырғасында сайлаушылардың көкейкесті проблемаларын шешу туралы Үкімет мүшелерінің жауабы тыңдалған.

Мұндай жұмыс форматы қоғамда көтерілген проблемаларды тиімді әрі уақытылы көтеруге мүмкіндік берді. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады, - деді ол.

Мәжіліс төрағасы өткен сессияда депутаттық корпус Үкіметпен тығыз жұмыс жасағанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама