×

Елордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған екі тұрғын ұсталды

Кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады

 Динара Амантай 29.06.2022 | 09:33
Фото: fifaxa-game.com

Астанада рұқсатсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз бизнес ұйымдастырған екі тұрғынның қылмысы әшкереленді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті рұқсат беру құжаттарынсыз ойын терминалдарын орнатып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша елорданың екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі аяқтады. Заңсыз айналымнан елорда дүкендерінде орналасқан 800 000 теңге сомасында ақша қаражаты бар 23 ойын терминалы алынды. Осы ойын терминалдарын орналастырудан заңсыз кіріс сомасы 10 216 000 теңгені құрады, – делінген хабарламада.

Күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, оларға бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Сонымен бірге агенттік заңсыз ойын бизнесі мақсатында үй-жайлар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама