×

Министр vs блогер: Саясат Нұрбек сот отырысына қатысады

Саясат Нұрбек блогердің әлеуметтік желідегі жазбалары үшін оның үстінен сотқа арыз түсірген еді

 Айнұр Шошаева 28.06.2022 | 18:16
Коллаж: Halyq Uni

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 8 шілдеде өзінің арызы бойынша блогер Гүлбану Әбеноваға қатысты сот отырысына қатысады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Бүгін Байқоңыр аудандық сотында өткен отырыста Саясат Нұрбектің өтініші бойынша сот процессі 8 шілдеге шегерілді. Оның себебін адвокат арызданушы Саясат Нұрбектің сот отырысына өзі қатысып, сот сараптамасын жасаған мамандар мен блогерге сұрақ қойып, жауап алғысы келетінімен түсіндірді. 

Еске сала кетейік, журналист-блогер Гүлбану Әбенова 2021 жылы Саясат Нұрбектің 2010-2013 жылдар аралығында «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болған кезде «Болашақ» бағдарламасы аясында болжам бойынша жасаған сыбайлас жемқорлық схемалары туралы жазба жариялаған болатын. 

Биыл 25 ақпанда Нұрбек «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болды. Ол Мәжіліс депутаты кезінде  блогердің әлеуметтік желідегі жазбалары үшін оның үстінен сотқа арыз түсірген еді. 

Саясат Нұрбек 2022 жылдың 11 маусымында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

КХДР Ресейдің басты стратегиялық одақтасы болып шықты

РФ армиясымен және халқымен әрдайым бір окопта боламыз, – деді Солтүстік Корея басшысының қарындасы
30.01.2023 | 09:03

30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанның басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады
30.01.2023 | 09:00

Атырауда жантүршігерлік жол апаты болды

Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
30.01.2023 | 07:35

Оралда ер адам әйелін көсеумен ұрып өлтірді

Әйел оқиға орнында жан тапсырды
30.01.2023 | 05:30