×

Коронавирус елдің 6 өңірінде тіркелді

Кеше вирус жұқтыру дерегі 4 өңірде тіркелген

 Дәурен Ерболат 28.06.2022 | 11:23
Фото: delfi.lt

Өткен тәулікте Қазақстанда 61 адамнан COVID-19 вирусы анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 61 жағдайы тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 1 млн 306 мың 361 адамға жетті. 

Ауру анықталған өңірлер төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтанда – 13,
  • Алматыда – 41,
  • Алматы облысында – 2,
  • Атырау облысында – 1,
  • Жамбыл облысында – 3,
  •  Батыс Қазақстан облысында – 1.

Сондай-ақ 17 қазақстандық коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 8,
  • Алматыда – 6,
  • Қарағанды облысында – 2,
  • Қызылорда облысында – 1.

Қазақстанда барлығы 1 млн 292 мың 280 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

28 маусымдағы мәлімет бойынша 464 адам коронавирустан емделіп жатыр.

Олардың ішінде 87 науқас стационарда, 377 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 6 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастар жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше COVID-19 вирусын жұқтырудың 67 дерегі анықталған еді. Ауру тіркелген өңірлер төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 13,
  • Алматы қаласында – 52,
  • Ақмола облысында – 1,
  • Қарағанды облысында – 1.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама