×

Пәтердегі тұрғындарды банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады

Аталмыш қызмет Halyk Homebank қосымшасы арқылы жүзеге асады

 Динара Амантай 27.06.2022 | 13:50
Фото: ашық дереккөз

Банк қосымшасына пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару қызметі енгізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифинг барысында мәлімдеді.

 Енді бір баспанада тіркелген адамдардың санын Halyk Homebank қосымшасы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, аталған қосымшада пәтердегі тұрғындарды тіркеуден шығару мүмкіндігі қарастырылатын болады, – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Оның айтуынша, бұл қызмет «тіркеуден шығару» бөлімінде іске қосылады. Осы қызмет түрі тек Қазақстан азаматарына, яғни жылжымайтын мүлік иелеріне арналған.

Жаңа қызмет цифрлық банк мүмкіндіктерін кеңейту аясында Ішкі істер министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдау жасауы арқылы енгізіліп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама