×

«Күмәнім жоқ». «Канело» GGG-ді қалай жеңетінін айтты

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 18 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді

 Дәурен Ерболат 27.06.2022 | 09:34
Фото: Global Look Press

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы, мексикалық Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді нокаутқа жіберуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды «Чемпионат».

Ол кездесуде шешімді төрешілер қабылдамайтынын жеткізді.

Бізді жақсы жекпе-жек күтіп тұр. Головкин – қауіпті күрескер. Бірақ мен нокаутқа түсіруге дайындалып жатырмын, оған күмәнім жоқ. Мотивациям жоғары. Рингке шығуды тағатсыздана күтіп жүрмін. Кездесуге енгізетін ұсақ-түйек дүниелер бар. Алайда бар күшімізді салып, дайындалып жатырмыз. Нокаут бұл жекпе-жектің соңғы нәтижесі болуы мүмкін, - деді мексикалық боксшы.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес пен GGG осымен үшінші рет шаршы алаңға шыққалы отыр. Осыған дейін бір жекпе-жек тең, ал екіншісінде төрешілердің шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама