×

Қазақстанда мәдениет ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбекақысы өседі

Жоба Үкіметте мақұлданды

 Халық үні 25.06.2022 | 10:49
Фото: ашық дереккөздерден

Еңбекақының 75 пайызға өсетінін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың министрлікке бағынысты ұйымдар ұжымдарымен кездесуі барысында айтылды. Мәліметке сүйенсек, бүгінде Қазақстанда ұлттық мәртебесі бар 5 мәдени ұйым бар. Олар:

  • Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры,
  • Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі,
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры,
  • Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры,
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

Осы ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына жаңа коэффициент қолданылатын болады. Мысалы, 7-10 жылдық еңбек өтілі бар артистер қазір 217 129 теңге алады, ал 1 шілдеден бастап олардың еңбекақысы 379 977 теңге болады, — делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ, шара барысында тек еңбекақы ғана емес, алдағы уақытта мәдени нысандардың материалдық-базасын жақсартып, қайта жаңғырту жұмыстары жүретіні де айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама