×

Жұмыс беруші 100% кінәлі - «АрселорМиттал Теміртау» бойынша мемлекеттік тексеру комиссиясы

Тексеру барысында 14 күдікті анықталды

 Динара Амантай 24.06.2022 | 15:49
Фото: the-village-kz.com

Мемлекеттік комиссия төрт жұмысшы қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-дағы жазатайым оқиғаның себептерін атады. Оқиға жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы мәлімдеді.

Сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде тапсырыс беруші «Құрылысмет» пен мердігер «АрселорМиттал Теміртау» құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені белгілі болды. Жобалау құжаттамасы дұрыс бекітілмеген. Өндіріс жобасы мен пешті бөлшектеудің технологиялық картасы сараптамалық комиссиялардың қарауына ұсынылмаған. Арнайы тергеу қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің жүз пайыз кінәсін анықтады, – деді мемлекеттік комиссия төрағасы, Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ирина Любарская.

Тергеу комиссиясына жергілікті атқарушы органдардың, кәсіподақтың, жұмыс берушінің өкілдері және сараптама ұйымдары кірді. Комиссия екі аптаға жуық уақыт ішінде оқиға орнын тексеріп, техникалық және нормативтік құжаттарына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса мекемеге қатысы бар адамдармен, куәгерлермен сұхбаттар жасалды. Анықталғанындай, жұмысшылар жеткілікті дәрежеде білікті, яғни 5 және 6-разрядтары болған. Бірақ, олар үш күн қатарынан ауысымсыз демонтаж жасаған. Қайғылы оқиға жөндеу жұмысының аяқталуына 25% қалғанда, яғни соңғы күні болған.

Тергеу барысында 32 адам сұрауға алынды. 14 күдікті анықталды, оның ішінде басшылық құрам да бар. Материалдардың көшірмелері аумақтық полиция органына жіберіледі.

Естеріңізге сала кетсек, 10 маусымда «АрселорМиттал Теміртауда» отқа төзімді материалдармен жұмыс жасайтын 4 маман қазаға ұшырап, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиғадан кейін мекеме басшылары жауапкершілікке тартылуы керек деген талаппен Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мәлімдеме жасады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі саудасына толық тыйым салмақ

Сарапшылар оған тосқауыл қоюдың басқа жолын табу қажет деп отыр
03.12.2022 | 09:50

Заманбек Нұрқаділовтің бұрын-сонды еш жерде жарияланбаған видеосы шықты

Бұл видео «Хабар» агенттігінің архивиінде сақталған
03.12.2022 | 07:34

Қарағанды ​​облысында автобус күтіп тұрған оқушының беті үсіп қалған

Абай аудандық білім бөлімі оқиғаны растады
03.12.2022 | 06:30

«Мама, мені күтпеңіз»: Бес баланы қаққан жүргізушінің анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Мектеп автобусынан түскен бес оқушыны Lexus көлігі қатты жылдамдықпен соққан
03.12.2022 | 00:15