×

Бүгін доллар бағамы 470 теңгеге дейін жетті

Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды

 Еркеғали Болатұлы 23.06.2022 | 18:04
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық KASE қор биржасында бейсенбі күнгі кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,15 теңге болды.

Шетелдік валюта 10,79 теңгеге қымбаттап, бағамы 465,15 теңгені құрады.

Күндізгі сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 464,81 теңге болған еді. Бұл Ұлттық банктің 24 маусымға белгілеген ресми бағамы саналады. Ал рубль бағамы 8,7 теңге болды.

Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 463-464 теңгеге сатып алып, 467-470 теңгеден сатып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама