×

Ресейде мұнай өңдеу зауытына соққы жасалды

Өрт Украина шекарасына жақын жердегі Новошахтинск қаласында болды

 Дастан Жұмабекұлы 22.06.2022 | 16:50
фото: ria.ru

Ресейдің Украина шекарасына жақын жерде орналасқан Новошахтинск қаласындағы мұнай өңдеу зауытына ұшқышсыз басқарылатын ұшақ құлады. 

Бұл туралы Telegram-дағы Sota арнасында видео жарияланды. Кадрдан зауытқа белгісіз ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың құлағанын көруге болады.

Сағат 9.25-те Красносулин ауданында орналасқан Новошахтинск мұнай өнімдері зауытының АВТ-1 (жылу алмастырғыш) қондырғысында, ФАД А-270, 882-шақырымда өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Мұнай өңдеу зауытындағы өрт 50 шаршы метрді алып кеткен. Оның таралу қаупі болған жоқ.

«Новошахтинский мұнай өнімдері зауыты» - Ростов облысында жұмыс істеп тұрған жалғыз мұнай өңдеу зауыты. Зауыт мазут, пеш, кемеге отын және дизель отынын, бензин өндіруге мамандандырылған деген дерек бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама