×

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктер тізбегінің себебін түсіндірді

Шекара қызметінің мәліметінше, шынымен де шекарада ресейліктердің саны артқан

 Еркеғали Болатұлы 22.06.2022 | 11:36

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Ресей шекарасындағы көліктер кезегіне қатысты пікір білдірді.

Айта кетсек, кеше әлеуметтік желілерде екі ел арасындағы шекарада 5 шақырымдық көлік кезегі түсірілген видео тараған еді. Автор Қазақстанға кіруге ниеттілер ол жерге 11 маусымда жинала бастағанын айтқан.

Ал ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, шынымен де шекарада ресейліктердің саны артқан, бірақ бұл мереке күндеріне байланысты болған жағдай.

«11 маусымда Ресей күнін мерекелеуге және 12-13 маусым демалыс күндері деп жарияланғанына байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасында Қазақстанға туыстарымен көрісуге, демалуға келетін ресейліктер саны аздап өсті. Осыған байланысты қазақстандық бақылау-өткізу бекеттерінде қызметкерлер саны көбейіп, өткізу штаттық режимде жүргізілді», - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама