×

Артем Резников бразилиялық қарсыласын жеңді

Қазақстандық Гран-придің жартылай финалына шықты

 Қанат Атаманов 19.06.2022 | 05:30
Фото: tengrinews.kz

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын сәтті өткізді.

Гран-при «АСА» ширек финалында отандасымыз UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды.

Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-придің жартылай финалына шықты.

Айта кетсек, Артем Резников соңғы рет 2020 жылы қыркүйегінде жұдырықтасып, тегі шешен Юсуф Раисовты жеңген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама