×

Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы 17 қырыкүйекке жоспарланған

 Халық үні 18.06.2022 | 09:48
Фото: ашық дереккөздерден

ESPN және бірнеше ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena өтпек.

Бұл туралы Sports.kz басылымы мәлімдеді

T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өтті. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды.

Бұған дейін боксшылар екі рет жұдырықтасқан болатын. Алғашқысында тең түссе, екінші кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама