×

Еурокомиссия Украинаға ЕО-ға кандидат мәртебесін беруді ұсынды

Еуропалық комиссия Украина, Молдова және Грузияның ЕО мүшелігіне берген өтініштерін қарады

 Халық үні 18.06.2022 | 05:51
фото: ашық дереккөзден

Еуропалық Комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін беруді ұсынды. Бұл өз кезегінде мәселені Еуропалық кеңес деңгейінде қарастыру алдындағы міндетті ресми қадам. Мұндай тұжырымды Еуропалық комиссия алқасы отырысының қорытындысын баяндаған комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп хабарлайды Укринформ. 

Агенттік ақпаратына сәйкес, Украинаның ЕО мүшелігіне берген өтініші Еуропалық комиссияның тиісті шешім қабылдауына себеп болып отыр. Сонымен қатар, аталған ел Копенгаген критерийлерінде көрсетілген дамыған демократиялық қоғам қалыптастыру талаптарын орындауға ниетті.

Бұдан бөлек бүгін Еуропалық комиссия Украина, Молдова және Грузияның ЕО мүшелігіне берген өтініштерін қарады. Еуропалық Кеңес Украинаға ЕО-ға үміткер мәртебесін беру мәселелерін 23-24 маусымда талқылайды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Еуропалық Комиссия Украинадан келген босқындарды өз аумағында қабылдау үшін Еуроодаққа мүше мемлекеттерге 3,5 миллиард еуродан астам аванс төледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Аталарының атына көше сұрайды»: Астанада көше атауына кімдердің есімі беріліп жатыр

Басқарма басшысы көше атауына лобби жасайтындар бар екенін айтты
31.03.2023 | 16:40

Алматыда кептеліс мәселесін шешу жолдары ұсынылды

Қаланың бас полицейі тұрғындар алдында есеп берді
31.03.2023 | 16:35

Павлодарда оқушы қызды екі рет көлік қағып кете жаздады (ВИДЕО)

Көлік жүргізушілеріне 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды
31.03.2023 | 16:25

Елімізде 3 мыңнан астам жұмыскер жалақысын ала алмай жүр

Еңбек инспекторлары 241 кәсіпорынның қарызын анықтаған
31.03.2023 | 16:06