×

«АрселорМиттал Теміртау» зауытында тағы да бір адам қаза болды

Жұмысшы 20 метр биіктіктен құлаған

 Динара Амантай 16.06.2022 | 14:34
Фото: arcelormittal.kz

«АрселорМиттал Темиртау» зауытында тағы да қайғылы жағдай болды. Бүгін ЖЭС-2-де қазандықты монтаждау кезінде 36 жастағы ер адам қайтыс болды.

Жұмысшы 20 метрлік биіктіктен құлап, алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды. Ол «AB Construction» ЖШС-да жұмыс істеген.

Аталған факті бойынша тергеу шаралары басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» цехының шатыры құлап, төрт жұмысшы қаза тапқанын жаздық. Сонымен бірге депутаттар компания басшыларын жауапкершілікке тарту керек деп Үкіметке талап қойды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама