×

Демонополизациялау комиссиясы «Қазақтелекомның» нарықтағы үлесін азайтуды ұсынды

Әлихан Смайылов комиссяның кезекті отырысын өткізді

 Динара Амантай 16.06.2022 | 10:16
Фото: telecom.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында электр энергиясы мен телекоммуникация нарықтарын демонополизациялау бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсыныстары қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі primeminister.kz сілтеме жасап. 

Байланыс нарығын демонополизациялау жөніндегі қадамдар аясында ұялы байланыс қызметтерін көрсету саласындағы ірі операторлардың бірінің үлесін төмендету туралы ұсыныс айтылды. Премьер-Министрі аталған шаралардың экономикаға әсерін бағалау үшін сараптамалық деңгейде айтылған тәсілдерді пысықтауды тапсырды, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, «Қазақтелеком» АҚ - Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық компаниясы, ұлттық байланыс операторы мәртебесіне ие.Ол еліміздің ең табысты кәсіпорындарының рейтингінде алғашқы орындардан көрініп отыр. Сnews.ru басылымының мәліметінше, Қазақтелеком 2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша негізгі есептерді ұсынған. Ол бойынша компанияның кірісі 2020 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда (ол кездегі көрсеткіш 244,9 млрд теңге болған) 15%-ға өсіп, 282,5 млрд теңгеге жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама