×

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылды

Оны желіні қолданушылар бұрыннан сұрап жүрген

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 18:46
Көрнекі фото

Meta-ның бас директоры Марк Цукерберг Facebook-те WhatsApp желісінде көптен бері күткен жаңа функцияның іске қосылғанын айтты.

Оның айтуынша, енді чат мұрағатын Android-тен iPhone-ға көшіруге мүмкіндік болады. Оны желіні қолданушылар чат мұрағатын көшіруді бұрыннан сұрап жүрген.

«Біз WhatsApp-қа телефондар арасында қауіпсіз көшіру мен чат, фото, видео, аудио хабарламаларды Android пен iPhone арасында өткізу функциясын қосып жатырмыз. Былтыр біз iPhone-нан Android-ке ауысу функциясын іске қостық. Енді Android-тан iPhone-ға ауысуды қосып жатырмыз», – деді Цукерберг.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама