×

Сағынтаевтың отставкасы: шындық па, қауесет пе?

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімінің отставкаға кеткені жайлы хабарланды

Бақытжан Сағынтаев, фото: ia-centr.ru

Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені жайлы ақпарат тарады. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, шаһар басшысының жұмыс орнында екенін мәлімдеді.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орнында өз міндеттерін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде, - делінген хабарламада.

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып 2019 жылдың 28 маусымында тағайындалды. Бұрын Сағынтаев мемлекеттік хатшы және премьер-министр қызметін атқарды. Одан бөлек, Бақытжан Сағынтаев өңірлік даму министрі, экономикалық даму және сауда министрі, Павлодар облысының әкімі болып қызмет істеген.

Еске салайық, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғали Алматы, Астана және Шымкент республикалық қалаларының әкімдерін сайлауды ұсынды.

Әкімдерді сайлау қажет. Ауыл әкімдерінен бастап, республикалық қалаларға дейін. Ауыл әкімдерінің сайлауы басталды, 2-3 жылдан кейін аудан әкімдерінің сайлауы басталады. Сосын, ұзаққа қалдырмай, облыс және республикалық қалалардың әкімдерін сайлауын ойластыру керек, - деп жазды депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама