×

Маған ұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуге кеңес берді – Тоқаев

Президент қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде резиденциясында түнегенін айтты

 Динара Амантай 15.06.2022 | 12:01
Коллаж: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ел ішінде болған және өз резиденциясында түнеді. Бұл туралы ол «Россия 24» телеарнасында журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында айтты.

Барлық төңкерістің мақсаты – билікке басқа адамдардың келуі . Маған келетін болсақ, ол күндері мен осы жерде президент резиденциясының ғимаратында болдым. Ешқайда да кеткен жоқпын, осы жерде түнедім. Әуел бастан-ақ мен елордадан кетпейтінімді айтқанмын, – деді Президент.

Сонымен бірге мемлекет басшысы өзіне ұшақпен немесе тікұшаққа мініп, Қазақстаннан кетуге ұсыныс жасалғанын айтты.

Әрине, мен ондайды мүлдем жоспарламадым да, ақырына дейін осы жерде қалуым керек деп ойладым, – деп қосты Президент.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында Жаңаөзен қаласында басталған бейбіт шерулер экономикалық және саяси талаптармен бүкіл ел бойынша жаппай наразылық шеруіне ұласты. Бірқатар аймақтарда жаппай тәртіпсіздіктер басталып, әкімшілік ғимараттарға, полиция бөлімшелеріне және сауда орындары мен дүкендерге шабуылдар басталды. Қылмыстық топтардың әрекетінен Алматы ең көп зардап шекті.

Тәртіпсіздіктер кезінде алдын ала мәліметтер бойынша, 227 адам қаза тапты, оның ішінде 19 тәртіп сақшысы мен арнайы жасақ, сондай-ақ әскери қызметкерлер бар.

Мемлекет басшысы елдегі қаңтар оқиғасын теракт деп санайтынын айтты. Бұған қоса ол мемлекетке қарсы операция алдын ала жоспарланғанын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама