×

Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктерді атады

Жалпы бюджеттің 58 млрд теңгесі игерілмеген

 Дәурен Ерболат 14.06.2022 | 10:50
фото: ашық дереккөз

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қаражатын игере алмай жатқан министрліктерді атады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол республикалық бюджет бойынша 6,9 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілгенін жеткізді.

Атқарылмау 65 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 7 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 58 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде қалыптасты, - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ ол игерілмеудің негізгі себептеріне тоқталды.

«Олар – конкурстық рәсімдер мен шарттар жасасу рәсімдерінің ұзақ жүргізілуі, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттардың кеш ұсынылуы», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама