×

Павлодарда суға батып кеткен Қытай азаматы табылмай жатыр

Ертісте суға батып кеткен жігітті іздеуге он сүңгуір жіберілді

 Данияр Айтпайұлы 14.06.2022 | 09:32
фото: pavlodarnews.kz

Ертісте шомылған Қытай азаматы суға батып кетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

11 маусымда құтқару қызметінің пультіне Павлодардың орталық жағалауында 1998 жылы туған ер адамның суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

10 сүңгуір құтқарушы Ертіс өзенінің 600 метрін тексеріп шықты, әзірге нәтиже жоқ.

«Суға батып кеткен жігіт - Қытай азаматы. 11 маусымда ол көппен бірге орталық жағажайда шомылды. Сағат 19:28-де ТЖД пультіне жігіттің суға батып кеткенін және оның денесі табылмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазір онда он сүңгуір жұмыс істейді. Олар Ертіс өзенінің шамамен үш шақырымын тексерді. Бірақ әзірге нәтиже жоқ», - деді Тілекжан Галлямов.

Полицияның мәліметінше, жас жігіт С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама