×

Ресей Украинада КСРО паспортын таратқысы келген

Құжаттар Бучан ауданының Макаров қаласына жақын жердегі үйден табылған

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2022 | 11:46
фото: pravda.com.ua

Ресей әскері Украинаға басып кірген соң, өздерінің жеңіске жететіндеріне сенімді болып, Киев қаласының КСРО паспортын таратуды ойлаған. Олар құжаттарды өздерімен бірге ала келген. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Ресейліктер Киев облысын басып алған жағдайда оккупациялық әкімгершілік құрып алып, жергілікті республиканың құрылғанын жариялау үшін жалған референдум өткізгісі келген. Сонымен бірге тұрғындарға арнайы украин тілінде дайындаған КСРО паспорттарын тапсыруды жоспарлаған», – делінген хабарламада.

Украина Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, басқыншылар Киев облысының барлық тұрғындарын есепке алып, оларға КСРО паспортын тапсыруды ойластырып келген.

Оған дәлел ретінде портал Бучан ауданының Макаров қаласына жақын жердегі бір үйден табылған бұрынғы КСРО паспортының бланкілерін келтірген.

«Паспорттар УКСР атынан украин тілінде дайындалған. Яғни, паспорт екі тілде – орыс және украин тілінде толтырылған. Мұндай үлгі 1990 жылдан кейін шыққан емес. Демек, Ресей оккупанттарының басты мақсаты Кеңес Одағын қалпына келтіру болған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама