×

Соғыста қаза тапқан украин жауынгерлерінің саны белгілі болды

Тәулігіне орта есеппен Украинаның 100 жауынгері қаза тапқан

фото: pravda.com.ua

Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович соғыс басталғалы шамамен 10 мың украин жауынгері қаза болғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Украинаның ТСН порталы хабарлады.

Құқық қорғаушы Марк Фейгинге берген сұқбатында Арестович соғыс басталғалы тәулігіне орта есеппен Украинаның 100 жауынгері өлгенін айтқан. Оның сөзінше, Ресей әскерінде тәулігіне шамамен мың адам өлген. Арестовичтің есебіне қарағанда, Ресей әскері қазір күн сайын орта есеппен 200-300 жауынгерінен айырылып жатыр.

Бұған дейін Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк қазір Украина күн сайын 100-200 жауынгерінен айырылып жатқанын айтқан болатын. Бұл мәліметтерді соғыс жағдайында тексеру мүмкін емес.

Арестович пен Подоляктің сөзінше, шығынның көптігі — Ресей әскері артиллериясының айтарлықтай басымдығына байланысты.

Таяуда бірқатар БАҚ-тар Ресей әскерінің шығынын Батыс мәліметтеріне сүйене отырып хабарлаған. Би-би-си мәліметіне қарағанда, Батыстың барлау қызметі Ресей соғыс басталған 24 ақпаннан бері 20 мыңға жуық жауынгерінен айырылды деп есептейді. Қазір Луганск облысының батысында жүріп жатқан шайқаста Ресей әскері үлкен шығынға ұшырап жатқаны айтылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
24.09.2022 | 22:34

Желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

27 жастағы күдікті ұсталды
24.09.2022 | 21:48

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50