×

Асхат Аймағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Асхат Аймағамбетов ағарту министрі болып тағайындалды

 Халық үні 11.06.2022 | 14:46
Фото: ашық дереккөздерден

"Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен еліміздегі Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді.

Енді елімізде Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бар.

Оқу-ағарту министрлігіне мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Ғылым және жоғары білім министрлігіне жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама