×

Нұр-Сұлтан - Қостанай  бағытында жаңа Тальго пойызы қатынайды

Ол 2 шілдеден бастап елордадан жүре бастайды.

 Халық үні 11.06.2022 | 13:48
Фото: ашық дереккөздерден

"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Қостанай" бағытындағы пойыз күнара қатынайды.

Елордадан 2 шілдеден бастап жұп күндері, Қостанайдан 3 шілдеден бастап тақ күндері жүреді, 

- делінген хабарламада.

Бұдан басқа, биыл 1 шілдеден бастап "Нұр-Сұлтан НЖ – Арқалық" №603/604 пойызының нөмірленуі №79/80 болып өзгертіледі. Ол да күнара жүреді. 

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуді сұрайды .

Сонымен қатар, қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін "Күту парағы" функционалын пайдалану ұсынылады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама