×

Назарбаев әуежайы қызметкерлерінің шағымын арнайы комиссия тексереді

Министр жағдайды тікелей бақылауына алды

 Динара Амантай 10.06.2022 | 14:52
Фото: www.nn-airport.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің БАҚ-тағы наразылығына орай пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Әуежай қызметкерлерінің шағымын жан-жақты, толық әрі объективті тексеру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №332 Бұйрығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия елордалық әуежай қызметкерлерінің арызында көрсетілген мәселелерді жіті тексереді, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге комиссия жұмысының барысын министр Қайырбек Өскенбаев тікелей бақылауына алғаны белгілі болды. Тексеріс қорытындысы бойынша арнайы шаралар мен тиісті шешімдер қабылданады.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы әуежай қызметкерлері еңбек ету жағдайындағы жайсыздықтарды айтып, шағымданғаны туралы жазған едік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама