×

Қазақстанда келесі жылы газ тапшылығы болуы мүмкін

Бүгінде Қазақстанды газдандыру деңгейі 53%-ке жеткен

фото: ашық дереккөзден

Келесі жылы ішкі нарықта газ тапшылығы болжанып отыр. Осыған байланысты президент үкіметке 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа бағыттауды тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысында мәлімдеді. 

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанды газдандыру деңгейі 53%-ке жеткен. Он миллионға жуық азаматқа газ берілді. Ел ішінде газ тұтыну өте жылдам өсіп келеді. Бұл, ең алдымен, алматылық ТЭО-2 мен ТЭО-3-ті газға ауыстырумен, газ-химиялық кешендер мен жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындардың іске қосылуымен байланысты.

«Келесі жылы ішкі нарықта газ тапшылығы болжанып отыр. Газды экспорттауға қарағанда, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге баса мән беріледі. Үкіметтен Теңіз кен орны акционерлерімен бірлесіп 2 млрд текше метр газды экспорттан ішкі нарыққа бағыттау мәселесін пысықтауды сұраймын», - деді президент.

Бұдан бөлек, үкімет Қашағанда қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жобасын қаржыландыру мәселесін тез арада шешуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама