×

Қордай арқылы әрбір жүк көлігі контрабандалық жүк тасымалдап жүр

Шекараның қазақстандық учаскесінде бір жүк көлігінің өту уақыты – орта есеппен 20 минут

 Еркеғали Болатұлы 07.06.2022 | 17:55
фото: ашық дереккөз

Қазір әрбір жүк көлігі Қордай арқылы контрабандалық жүк тасымалдайды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

Қазақстандық тарап ел аумағында салықтық тексерулер жүргізу процесін көрнекі түрде көрсетті. Сол кезде іс жүзінде әрбір жүк көлігінен мәлімделмеген тауарлар, оның ішінде брендтік тауарлар анықталды, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ЕЭК және Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясы фискалдық органдарының өкілдерін «Қордай» және «Қарасу» өткізу пункттеріндегі тауарларды өткізу мониторингі бойынша бизнес-процестермен таныстырған.

Бұл ретте шекараның қазақстандық учаскесінде бір жүк көлігінің өту уақыты орта есеппен 20 минутты алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама