×

Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды

Бұған дейін ол Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған

 Динара Амантай 07.06.2022 | 14:44
Фото: aigak.kz

Мемлекет басшысы Қайрат Нұртайды жаңа лауазымға тағайындады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы 1982 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2004 жылы Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик,  2006 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін заңтану мамандықтарын тәмәмдап, 2019 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітіріп Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі ғылыми дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2004 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінің жетекші маманы ретінде бастаған. 2005-2006 жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің жетекші маманы болған.

2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің аға, бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі (А корпусы);

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметінде болды.

2021 жылғы шілде айынан бастап Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі қызметін атқарды. Ал 2022 жылы 2 наурызда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бүгінгі күнге дейін сол қызметті атқарып келді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды
02.10.2022 | 14:22

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04

TikTok Қазақстанда өкілдігін ашады

Компания вице-президенті қазақстандық контентті өте сапалы деп бағалады
02.10.2022 | 11:01