Ол елордада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш 3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
БҰҰ ресми сайтының ақпаратына сүйенсек, Антониу Гутерриш елімізге ресми сапармен келеді. Ол 3-4 шілдеде елорда мен Алматыда болып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен және БҰҰ қызметкерлерімен кездеседі.
Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің мәліметінше, бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылған. Ол ШЫҰ Плюс сессиясында сөз сөйлемек.
АҚШ БҰҰ-ның Газадағы атысты тоқтату туралы қарарына дауыс бермеді. «БҰҰ және мен»: Әлемнің ортақ игілігіне үлес қосып жүрген 30 қазақстандықтың хикаясы.