×

АҚШ БҰҰ-ның Газадағы атысты тоқтату туралы қарарына дауыс бермеді

Бүгінде 100 мыңнан астам палестиналық жапа шегіп, қаза тапқан

 Еркеғали Болатұлы 26.03.2024 | 10:40
фото: Роналдо Шемидт/AFP Getty Images

Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпсіздік кеңесі «қасиетті Рамазан айында тез арада атысты тоқтатуды» талап ететін қарар қабылдады.

25 наурызда қабылданған құжат кепілге алынғандарды босатуды және Газа секторына көмекті көбейтуді талап етеді. Қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің 14-і қарарды қолдап, АҚШ қана дауыс беруден қалыс қалды.

Палестинаның бақылаушы-мемлекетінің тұрақты өкілі Рияд Мансур 100 мыңнан астам палестиналықтың жапа шегіп, қаза тапқанын айтты. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ-тың резолюцияға вето қоюдан бас тартуы бұрынғы ұстанымынан ауытқығанын және Израильдің соғыс әрекеттеріне зиянын тигізетінін алға тартты.

Біздің дауысымыз өзгермеді. Қайталап айтамын, бұл біздің саясаттағы өзгерісті білдірмейді. Біздің саясатта ештеңе өзгерген жоқ. Ештеңе! – деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джон Кирби.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильді газалықтарға көмек көрсетудегі барлық кедергілерді жоюға рұқсат беруге шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама