×

Екібастұз әкімі қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кетуі мүмкін

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

 Қымбат Елтайқызы 06.06.2022 | 18:27
фото: yandex.kz

Екібастұз қалалық соты Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке және оның қарамағындағы ТКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К. Түсіпбековке қатысты үкім шығарды.

Жоғарыда аталған адамдар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Сот үкімімен Бауыржан Ахметовке 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, Түсіпбеков пен Садықов тиісінше 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Екібастұз қаласының әкімі А.А. Қаңтарбаевтың тікелей басшы ретіндегі жауапкершілігі туралы мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 60-бабының 2-тармағына сәйкес айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

27 жастағы күдікті ұсталды
24.09.2022 | 21:48

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50