×

Атырауда полицейлер терезенің көзінде тұрған екі баланы құтқарды

Бүлдіршіндердің ата-анасы жұмыста болған

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2022 | 15:17
Видеодан скриншот

Балалар Атырау облысының Мақат ауданындағы тұрғын үйдің екінші қабатында ашық терезеден қарап тұрған. Осыны көршілері байқап, полицияны шақырған. Жергілікті полиция көп кешікпеді. Аудандық полиция бөліміне қоңырау түскен соң, бірден балалар тұрған үйге барып, терезеден кіріп, бүлдіршіндерді аман алып қалды.

Бұл туралы Instagram-дағы kazprecc парақшасында жарияланды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 5 маусым күні сағат 19.00 шамасында болған.

Оқиға орнына келген Тойғожа Әзбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат есімді азамат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге шығарды, – делінген Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Ювеналды полиция инспекторының мәліметінше, балалардың 1997 жылғы ата-анасы жұмыста болған. Балалар үйде жалғыз қалған. Тәртіп сақшылары олармен түсіндірме әңгіме жүргізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама