×

Бибісара Асаубаева 17 жасында блицтен әлем чемпионы атанды

Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1 000 000 АҚШ доллары

 Халық үні 31.12.2021 | 10:55
Бибісара Асаубаева, фото: ашық дереккөзден

Шахматтан Польшада өткен біріншілікте қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы (FIDE World Rapid and Blitz 2021) атанды.

Қазақстандық шахматшы 17 кезеңде 14 ұпай жинады. Екінші орынды екі күн бұрын рапидтен әлем чемпионы атанған ресейлік Александра Костенюк алса, Ресейдің тағы бір өкілі Валентина Гунина үшінші орынды иеленді.

Бұған дейін рапид бойынша әлем біріншілігінде Костенюк пен Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов жеңіске жеткен болатын. Рапид бойынша әлем чемпионатында екінші орынды Бибісара Асаубаева иеленді (8,5 ұпай).

Жарысқа 50 елден 200-ге жуық спортшы – әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, қазіргі ел чемпиондары және әлемнің рейтингі жоғары шахматшылары қатысты. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры - 1 000 000 АҚШ доллары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама