×

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов ақша жинаумен айналыспайды – «Астана Моторс»

Компания қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

 Дәурен Ерболат 03.06.2022 | 09:38
Фото: astana-group.kz

Мессенджерлерде Нұрлан Смағұлов пен Мұхтар Жәкішевтің инвестициялық қор құрып жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлады «Астана Моторс» компаниясының баспасөз қызметі.

Біз «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың ақша жинаумен айналыспайтынын және DJA Investment-ке ешқандай қатысымыз жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз, - деп жазылған хабарламада.

Компания қазақстандықтарды сақ болуға және жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.

Сондай-ақ «Астана Моторс» кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың жұмысы туралы барлық ақпарат astana-group.kz сайтында жарияланатынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама