×

Израиль хирургтары қазақ балаларына ота жасауға келді

Сонымен бірге дәрігерлер тұрғындарға кеңес береді

 Дастан Жұмабекұлы 03.06.2022 | 08:46
фото: cursorinfo.co.il

Қазақстанға Израильдің бір топ дәрігері келді. Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, олар Атырау қаласында жергілікті әріптестерімен бірге ота жасайды.

Қазір шетелдік профессорлар Вадим Капуллер мен Саид Ибрагим Атырау облыстық балалар ауруханасында, Рафаэль Миллер, Максим Соколов пен Лев Гуревич облыстық онкология диспансерінде жергілікті мамандарға шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.

Израиль дәрігерлері 5 маусымға дейін ауруханада емделіп жатқан науқастарға операция жасап, тұрғындарға кеңес береді.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов те Израильдің хирургтар тобымен кездесіп, әңгімелесті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17-21 мамыр аралығында израильдік профессор Илья Розин облыстық перинаталдық орталықта семинар өткізген. Оған Атырау қаласы мен аудандардан 40 маман қатысып, 34 адам сертификат алған. Бұл жолы мыңға жуық медицина қызметкерін оқыту жоспарланып отыр.

Бұған дейін Атырауда астананың дәрігерлері 5 балаға ота жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама