Олар бұрын сотталса да, қылмысын тоқтатпаған
Биылғы 2-3 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, және прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана мен Павлодарда Қазақстанның 3 азаматын ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Олар - экстремистік әрекеттер бойынша күдіктілер. Нақтыласақ, олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілініп отыр.
«Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған болып шықты», - дейді ҰҚК.
Қазір қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Бұған дейін атыраулық оқушының аудан мектептеріне террор жасалатынын жазғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни-экстремистік ұйым басшыларын құрықтаған болатын.