×

Нигерияда кептелісте 100-ге жуық көлік өртеніп кетті

Қаза тапқан 4 адамның арасында аяғы ауыр әйел де болған

 Дастан Жұмабекұлы 29.04.2024 | 11:12
Фото: zerkalo.az

Нигерияның Риверс штатында жанармай таситын автоцистерна кептелісте тұрған көліктің біріне соғылып, соның кесірінен 100-ге жуық көлік өртеніп кетті.

The Nation-нің хабарлауынша, оқиға Порт-Харкорт қаласынан оңтүстік-шығысқа қарайғы бағытта болған. 

Жанармай таситын автоцистерна кептелістің соңында тұрған көліктің біріне соғылғанда өрт шығып, тілсіз жау басқа да машиналарды жалмап кетті. Төрт адам қаза тапты. Оның арасында аяғы ауыр әйел де болған, – делінген хабарламада.

Жарылыс басқа көліктерге, соның ішінде жанармай цистерналарына да тараған. Көлік қозғалысының тығыздығынан 100-ге жуық көлік өртенген. 

Нигерияда бұған дейін де 2021 жылы Порт-Харкорт қаласының маңында жанармай таситын автоцистерна кептелісте тұрған көлікке соғылып, өрт шыққанда 30-ға жуық адам қаза тапқан болатын. 2018 жылы ел астанасы – Лагоста автоцистернаның кесірінен 57 көлік өртеніп кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама