×

Семсерлесуден Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын алды

Ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов лицензия ала алмады

 Дастан Жұмабекұлы 29.04.2024 | 09:31
Фото: Нұрғали Жұмағазы

Семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті.

Осының алдында Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда аустралиялық Вероника Василеваны 15:12 есебімен жеңген еді. Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жеңілді.

Фуджейрадағы жарыста тек жеңімпаз ғана Олимпиадаға барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама