×

Алматыда өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды

Өөрт орнынан 37 газ баллоны шығарылды

 Динара Амантай 27.04.2024 | 16:20
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Алматы қаласы Медеу ауданында өрт сөндірушілер үлкен жарылыстың алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше сағат 12:20-дақалалық ТЖД №7 және №8 өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары Медеу ауданы Орынбор көшесіндегі жеке үйдің жануы туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

Бөлімше қызметкерлері 7 минуттан кейін барған кезде қызыл жалын Орынбор көшесі, 43/29 мекенжайындағы шаруашылық құрылысын, 2 қабатты үйдің шатырын 60 шаршы метр аумақта шарпығанын, сондай- ақ М. Шокай, 31/16 көшесіндегі көршілес салынған моншаға, гаражға, сарайға, үй кіреберісіне 100 шаршы метр аудан аумағында таралуымен және Орынбор көшесі, 41 үй көршілес тұрған шаруашылық үй-жайға, ас үй ғимаратына таралып, өрт аумағы 40 шаршы метр аумақты қамтығанын анықтады.

Барлау және сөндіру барысында өрт орнынан 37 газ баллоны шығарылып, осылайша үлкен жарылыстың алды алынды.

Қабылданған шаралармен 31 минут ішінде өрт оқшауланып, сағат 13:23-те толығымен жойылды.

Өртті жоюға жеке құрамның 32 адамы және 10 техникасы мен қалалық өзара іс-қимыл қызметтері жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама