×

«Астана Опера» театрына жиналған көрермендер шұғыл эвакуацияланды

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы ашылды

 Халық үні 29.12.2021 | 13:19
фото: astanaopera.kz

Бүгін сағат күндізгі 12:00-де «Астана Опера» театрында балаларға арналған «Щелкунчик» спектакль-балеті басталуға тиіс еді. Алайда, театр әкімшілігі көрермендерді шұғыл сыртқа шығаруға мәжбүр болды.

Театр баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 желтоқсан 11:45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш зат болуы мүмкін деген хабар түскен.

Театр ұжымы мен көрермендер дереу ғимараттан шығарылды. Қазір құқыққорғау органдарының қызметкерлері құрылғыны сараптамадан өткізіп жатыр, - деп нақтылады театр баспасөз қызметі.

Театр афишасында 28, 29, 30, 31 желтоқсан күндері «Астана Опера» театрында орыс композиторы П. Чайковскийдің «Щелкунчик» балеті ұсынылатыны хабарланған.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры 2013 жылы ашылды. Театрдың үлкен залы 1250 орынға, камералық залы 250 орынға есептелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама