×

Үндістанда Абай ескерткіші ашылды

Махатма Гандидің туған жерінде Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату терең символдық мәнге ие

 Дәурен Ерболат 02.06.2022 | 15:50
Фото: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Үндістан астанасы Нью-Делиде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Үндістан Сыртқы істер және мәдениет мемлекеттік министрі Минакши Лекхи, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

«Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министр Махатма Гандидің туған жерінде Абай Құнанбаевтың ескерткішін орнату терең символдық мәнге ие екенін, ол қос ел арасындағы рухани ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

«Мәселен Абайдың «тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген сөзі бар. Бұл қасиеттерді Махатма Ганди де бағалаған. Ол «сіздің сеніміңіз сіздің ойыңызға айналады, ойыңыз сөзіңізге айналады, сөзіңіз әрекіңізге, ал әрекетіңіз әдетке, әдет сіздің құндылығыңызға, құндылықтарыңыз сіздің тағдырыңызға айналады" – деді премьер-министрдің орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама