Тілсіз жаумен күреске қатты жел кедергі келтіріпті
Шығыс Қазақстанда орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
«2022 жылғы 1 маусымда «Семей орманы» МОТР Жаңа Семей филиалы Подгорное орманшылығы аумағында басталған жалын 2 маусымда сағат 11:00-де cөндірілді. Өртті өшіруге ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ №68303 әскери бөлімі, орманшылар күштері жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамнан 399 адам, 85 техника атсалысты», – дейді ТЖД.
Ведомство мәліметінше, отпен арпалысты қатты жел қиындатқан. Өрттің алдын ала себебі – найзағайдың түсуі. Жалын ауданы шамамен ауданы 200-250 гектарды құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Семейде орман өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Ақтау маңында жылу электр орталығы өртеніп жатыр. Семейде 2 адамды оттан құтқарған азамат марапатталды.