×

Семейде 2 адамды өрттен құтқарған азамат марапатталды

Дәурен Жамбаевқа тоңазытқыш сатып алуға арнайы сертификат берілді

коллаж: Halyq Uni

Семейде тілсіз жаудан екі адамның өмірін құтқарып қалған Дәурен Жамбаевты қала әкімі қабылдап, Құрмет грамотасымен марапаттады. 

Айта кетейік, өрт қала орталығындағы Достоевский көшесіндегі кафелердің бірінде түнгі уақытта болған. Дәурен Жамбаев Чемпиондар лигасының финалдық матчын тамашалап болған кезде терезеден көрші ғимараттағы түтін мен отты байқаған.

Өрт сөндірушілерге дереу хабар берген ол кафеге жүгіріп барып, барлық терезелер мен есіктерді қаққан. Ғимараттан шыққан адамға алғашқы көмек көрсетіп, содан кейін терезені кірпішпен сындырып, екінші адамды түтін мен оттан құтқарған. Осы қауіпке толы секундтарда Дәурен өз өмірін қатерге тікті.

«Біздің қаламыз бен еліміз өз батырларын білуі керек. Сіздің іс-әрекетіңіз - ерліктің, адамгершіліктің және жастар үшін белсенді азаматтық ұстанымның жарқын көрінісі. Қауіпті көре тұра, өз өміріңізді қатерге тігіп, екі адамның өмірін құтқарып қалдыңыз», - деп Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов құтқарушыға алғысын білдірді.

Құрмет грамотасымен қатар, Дәурен Жамбаевқа тоңазытқыш сатып алуға арнайы сертификат берілді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама