×

Ақтау маңында жылу электр орталығы өртеніп жатыр

Қызыл жалын 600 шаршы метр аумаққа жайылған

 Халық үні 01.06.2022 | 05:16
Фото: inform.kz

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда 31 мамыр күні кешкі сағат 21.42 шамасында құтқару қызметіне шұғыл хабар түскен. Онда Ақтау қаласынан 7 шақырым қашықтықта «МАЭК ҚазАтомӨнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында үшінші жылу электр орталығындағы беті ашық тарату құрылғысынан өрт шыққаны хабарланған.

Қазіргі таңда құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр. Қызыл жалын 600 шаршы метр аумаққа жайылған. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Бұл оқыс жағдай өңірді электр энергиясымен қамтамасыз етуге еш әсер етпейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен - 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23