×

Садақ атудан әйелдер құрамасы алғашқы үлкен жеңісіне жетті

Бұған дейін команда кубок жолындағы жарыстарда мүлде медаль алмаған

 Дастан Жұмабекұлы 24.04.2024 | 14:44
Фото: olympic.kz

Садақ атудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесін жеңіп алды.

Блоктық садақ атудан әйелдер арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы эстониялық қарсыластарын 231:224 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. 

Одан бөлек, ширек финалда әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 234:230 есебімен жеңіп, жартылай финалда Италия құрамасына бір ұпай айырмасымен есе жіберді. 

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян мен Айжан Сейдахметова қорғады. 

Бұл – садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының Әлем кубогы кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін команда кубок жолындағы жарыстарда мүлде медаль алмаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама