×

«Көшеде ұйықтап қалған»: Түркістан облысында жоғалған балалар табылды

Балаларды жақындары бірнеше сағат бойы іздеп, таба алмаған

 Халық үні 24.04.2024 | 07:39
фото: otyrar.kz

Кентау қалалық полиция бөліміне түнгі уақытта жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің 3 және 7 жасар ұлдарын таба алмай жатқанын айтқан, деп хабарлады OTYRAR сайты.

Келіншектің айтуынша, ұлдары сағат 17:00 шамасында әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, алайда кеш батса да үйлеріне қайтып келмеген.

Жақындары бірнеше сағат бойы іздеп, таба алмаған.Полиция балалардың баруы мүмкін жерлердің барлығын мұқият тексерді. Аулаларды аралап, көшедегілерден сұрастырды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жоғалған ағайындылар таңғы сағат 05:30-да оқиға орнынан 1 шақырым қашықтық шамасындағы көпқабатты тұрғын үйдің алдындағы отырғышта ұйықтап жатқан жерінен табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама