×

200-ден аса үлескерді алдаған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 23.04.2024 | 11:08
Фото: видеодан скриншот

Бүгін Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Ресей Федерациясынан күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ол 2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, Астанада премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,3 млрд теңгеден астам көлемде 200-ден астам үлескердің қаражатын ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық iздестiру жарияланды.

Өткен жылдың қарашасында Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша бұл азамат Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, оны экстрадициялау туралы шешім қабылданды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.

Қылмыстық топтың басқа сыбайлас қатысушылары былтыр жыл соңында ұсталып, қазір оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама